Ұлттық мейрамды ұлықтайтын 27мың видео жарияланды

Ұлттық мейрамды ұлықтайтын 27мың видео жарияланды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық мейрамды насихаттайтын #Наурыз2024 хэштегімен Tiktok желісінде 27 мың бейнеролик жарияланған.


Осымен екінші жыл қатарынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының қолдауымен TikTok #Наурыз2024 онлайн-фестивалін өткізді.



Платформа қолданушылары #Наурыз2024 хештегі бойынша өздерінің бейнежазбалары және фотоконтенттерін құра отырып, мерекелік виртуалды фестивальге белсене араласты. Қазақстандықтар Наурыз мейрамы қалай атап өтілетіні және оған дайындық туралы 27 мыңнан астам бейне және фотоконтент жасап, өткен жылғы нәтижеден екі есе асып түскен.




«Біз кезекті рет Қазақстандағы TikTok қауымдастығына өздерінің сүйікті мейрамын тек отбасы мен жақындарының ортасында ғана емес, сонымен бірге платформаның мыңдаған қолданушыларымен бірге атап өтуге мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Биыл қолданушылардың өздерінің төл мәдениетіне деген қызығушылықтары артқанын байқадық. Биыл олар өткен жылғы Наурыз мерекесіне қарағанда екі есеге көп контент жариялады!», – деді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец.



Бастамаға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігімен бірге «Kazakh Tourism»  ұлттық компаниясы қолдау білдірді.



«Биылғы біздің бірлескен жобамыз таңқаларлық нәтижелерімен қуантты. Сол мерекелік мазмұнның екі есеге артуы қазақстандықтардың ұлттық және мәдени құндылықтарға барынша назар аудара бастағанын көрсетеді. Оның үстіне жыл өткен сайын Наурыз мейрамының ауқымы да ұлғайып жатыр. Осы жобаға қатысқан барша отандастарыма алғыс айта отырып, жеңімпаздарды құттықтағым келеді. Алдағы уақытта да біздің жобамыздың ауқымы бұрынғыдан да кеңейе түседі деп ойлаймын. Өйткені, құндылықтарымыздың бағасы мен мәнін азаматтарымыздың ортасында ғана емес, сонымен қатар шетелдік аудитория арасында насихаттау жұмыстары осылай жүреді», – деді «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37