Ұлттық банк ерекше монеталар дайындап жатыр

Ұлттық банк ерекше монеталар дайындап жатыр Сурет: Ұлттық банк

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады. 


Атаулы мерекеге орай Ұлттық банк "TEŃGEGE 30 JYL" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 



"TEŃGEGE 30 JYL" монетасының дизайны "₸" теңге белгісін пайдалану арқылы жасалған. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ, ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді. "TEŃGEGE 30 JYL" коллекциялық монеталары күмістен жасалған, сынамасы - 925/1000, өн бойында тантал да бар. Монета диаметрі - 50 мм, дайындау сапасы - proof, номиналы - 1 000 теңгелік, таралымы - 300 дана. Монетаның жалпы массасы - 84,32 грамм", - делінген Ұлттық банк мәліметінде.



Ұлттық банк мәліметіне сүйенетін болсақ, коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады, айырбасталады.


Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалған.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09