Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналған алғашқы халықаралық конференция өтті

Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналған алғашқы халықаралық конференция өтті Сурет: Egemen.kz

Анкарада Алаш арысына арналған халықаралық конференция өтті


Конференцияға ТҮРКСОЙ ұйымының шақыруымен Қазақстаннан Амантай Шәріп пен Анар Фазылжан, Қырғызстаннан Мэрим Колбаева, Әзірбайжаннан Эльчин Ибрахим, Өзбекстаннан Эргаш Абдувалитов секілді түркі әлеміне белгілі ғалымдар арнайы келді. Олар Ұлт ұстазының өмірі мен еңбегі жайында жан-жақты мағлұмат берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Жиын барысында  ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын тойлау шаралары жалғасатынын жеткізді.


«Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған алғашқы халықаралық конференцияны біз ұйымдастырып отырмыз. Мұнымен шектелмейміз. 150 жылдық шаралары жыл бойы жалғасын табады», - деді Дүйсен Қорабайұлы.



Конференцияға қатысушыларға  ұйым түрік тілінде дайындаған Ахмет Байтұрсынұлы бейнефильмін көрсетті. Сондай-ақ белгілі қаламгер Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабының тұсауы кесілді. Бұл туынды ТҮРКСОЙ ұйымының қаржылай қолдауымен жарық көрді.

 

Ертең конференция Стамбұл қаласының Стамбұл университетінде жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09