Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан туралы ресейлік тарихшы кітап жазып жатыр

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан туралы ресейлік тарихшы кітап жазып жатыр Сурет: Semeylib.kz

Ұлт көсемі ұлықталуда.


Орыс ғалымы, тарихшы Виктор Козодой қазақтың біртуар ұлы, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан туралы «Дәуір аясындағы саяси портрет» атты кітап жазып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.


Қазан айында жарық көретін монографияға бұрын еш жерде жарияланбаған тың мәліметтер енген. Мың дана болып шығарылатын туындыны ресейлік тарихшы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнағанын айтады. Кітап ірі тарихи әрі саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның өмір жолын қамтыған.


Виктор Козодой оның есімі қазақ жұртына кеңінен танымал болғанымен ресейліктердің біле бермейтінін айтады. Осы олқылықтың орынын толтыру үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, қарапайым тілмен монография жазып шықтым дейді ол.  



«Бұл қолжетімді жанр, өмірбаян болғанымен ғылыми зерттеулерге негізделген. Мен Ресей оқырмандарын және ғылыми қоғамды осындай тұлғамен таныстыруды мақсат еттім. Ол Қазақстан үшін де, Ресей үшін де өте маңызды роль атқарды. Өз еңбегімде оның бір елдің ғана емес, сол дәуірдегі тұтас империялық, жал­пыұлттық деңгейдегі саясаткер еке­нін көрсетемін», - деді ресейлік тарихшы Виктор Козодой.



Виктор Козодой Әлихан Бөкейхан туралы кітап жазуды осыдан үш жыл бұрын қолға алған.


Ол кезде тәжірибе алмасу мақсатында Павлодардың жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттерге дәріс оқыпты.  


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09