Үкімет басшысы: Жылу энергетикасындағы проблема - әкімдердің немқұрайлығының салдары

Үкімет басшысы: Жылу энергетикасындағы проблема - әкімдердің немқұрайлығының салдары Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. 


Үкімет басшысының айтуынша, өткен қыс мезгілі жылу энегетикасындағы көптеген проблемалардың бар екенін көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Мұның барлығы – әкімдіктердің көп жылдар бойы жылыту маусымына немқұрайлы қарап келгендігінің салдары. Екібастұз, Рудный және Риддер қалаларында жағдай өте күрделі болды. Ондағы мәселелерді күні-түні бақылауға алып, шұғыл түрде шешуге тура келді. Үкіметтік комиссия құрылып, жергілікті жерге барып, жұмыс істеген жағдайлар да болды. Аталған мәселелер Үкіметте бірнеше рет қаралды», - деді Үкімет басшысы.



Премьер-Министр барлық әкімдік бұдан қорытынды шығарып, мұндай жағдайға қайта жол бермеу үшін сапалы жұмыс істеу керектігін баса айтты.



«Өткен жылыту маусымында апаттар саны айтарлықтай артты. Тіпті ірі қалалардың өзінде жылу энергиясының жетпей қалуы себепті, орташа температураны төмендетіп беруге тура келді. Негізгі жабдықтардың тозуына байланысты басқа да көптеген инфрақұрылымдық ақаулар орын алды. Мұның барлығы тұрғындардың орынды наразылығына алып келді», - деді Әлихан Смайылов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32