Тұз тапшылығы сезілді

Тұз тапшылығы сезілді Сурет: ашық дереккөз

Сеул дүкендерінде теңіз тұзы таусылды.


Кейінгі уақытта жұрт оны көп мөлшерде сатып алған. Сұраныс артқандықтан тауар құны 27 пайызға өсті, ал кейін тіпті тапшы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Корея тұрғындары балық пен өзге де теңіз өнімдерін молынан жинап, қамдана бастады. Себебі халық Жапония билігінің радиоактивті суды мұхитқа төгу жоспарына алаңдап отыр. 2011 жылы алапат жер сілкінісі мен цунами салдарынан Фукусиманың суыту жүйелері қираған еді, деп жазды 24.kz. Апаттан кейін ондағы резервуарларда бір миллион тоннаға жуық радиоактивті су жиналып қалған. Ол реакторларды салқындату үшін қолданылған. Мамандар суды мұхитқа ағызбас бұрын арнайы тазартудан өтетінін айтады. Ли Ян Мин, Сеул қаласының тұрғыны: - Мұхитқа төккеннен кейін түк өзгерте алмаймыз. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін ойлап, радиоактивті судан құтылудың өзге амалын тапқаны жөн болар еді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:14

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45