Түтінге тұншыққан ақсайлықтар шағымданды

Түтінге тұншыққан ақсайлықтар шағымданды Сурет: видеодан алынды

Елімізде Алматы экономикалық "донор" іспетті.


Жан жақтан келгендер табыс тауып, жағдайын жақсартқысы келеді. Оңай жерде табыс жоқ. Қанша табыс тапсаңда адал болғаны жөн. Жан-жағыңа зияның тимеуі керек. Ақсай 4 ықшам ауданында орын тепкен «Терасса» деген кәуапхана иегерлері ақшаға құныққаны сонша тұрғындардың шағымын пысқырмаған. Өйткені, кәуапханадан күні-түні шыққан түтіннен айналасындағы тұрғындар терезесін ашудан қалған. Кәуапханадан шыққан түтін көпқабатты үйлердің арасын тұмшалап, тұрғындардың тамағын қышытатын болған. Көмек сұраған ел әлеуметтік желі арқылы видео жолдады. Мәселеге қатысты бізде арнаулы орындарға хабарласып, жағдайды қалай шешуге болатынын сұрадық.



 Біз аталған кәуапханаға арнайы барып, жағдаймен таныстық. Олардың әрекеттеріне байланысты арнайы хаттама толтырдық. Енді олар екі апта мерзім ішінде қоршаған ортаға зиянын келтірмеу мақсатында арнайы сүзгілерді сатып алып қоюға уәде берді. Бұл жағдай біздің бақылауымызда болады, -деді Алматы қаласы Полиция департаменті жанындағы Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Карпыков Нұрлан Хайдарұлы.



 Бүгінгі таңда қала экология мәселесі Мемлекет басшысының назарында. Мегополистің экологиялық ахуалын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, ауа ластануға жол бермеуді тапсырған болатын. Сондықтан ауа қабатына қатты зияны тиетін осындай орындарда қадағалау жұмыстары жүргізіліп тұрғаны абзал. Кәсіпкер айтқан уәдесінде тұрады деген сенімдеміз!


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03