Түркістанда тұңғыш рет имамдар саябағы ашылады

Түркістанда тұңғыш рет имамдар саябағы ашылады сурет:basnews.kz

Жаңа саябақ Рамазан айының алғашқы онкүндігінде пайдалануға берілмек.


Қасиетті Рамазан айында Түркістан қаласында имамдар саябағы ашылады. Бұл туралы Түркістан қаласының бас имамы Мұхаммеджан Жұмадуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Жаңа саябақ Рамазан айының алғашқы онкүндігінде пайдалануға берілмек. Онда ислам дінінің кең таралуына үлес қосқан ел азаматтарының есімдері жазылған тақтайшалар орнатылатын болады. Сондай-ақ, олар туралы арнайы кітап жарық көріп, ас беріледі.



«Көптеген шаруаны халықпен, елмен бірге атқарып келе жатырмыз. Өткен жылғы Рамазан айында ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры арқылы тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға 16 үй берілген болатын. Биыл бұл көрсеткішті көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар азық-түлікпен қамту да жоспарымызда бар», - деді Мұхаммеджан Жұмадуллаев.



Қазіргі таңда Түркістан қаласында 33 мешіт, 28 намазхана бар. Одан бөлек, Түркістанға тарту ретінде Өзбекстан елі үлкен мешіттің құрылысын жүргізіп жатыр. Ол да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03

17:30