Туристерді тарту үшін Алматы имиджін ілгерілету қажет

Туристерді тарту үшін Алматы имиджін ілгерілету қажет Туристерді тарту үшін Алматы имиджін ілгерілету қажет

Қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматының туристік әлеуетін жарнамалауға және БАҚ-ты қаржылық қолдауға қаржы жұмсау қажеттілігін негіздеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Спикердің айтуынша, Алматы туристерді тартатын орталық болып қала отырып, бюджет қаражатын осы саланы, оның ішінде шетелде ілгерілетуге жұмсайды. Бұл тек шығындар ғана емес, ең алдымен, туристік ағындарды ұлғайтуға инвестициялар тарту, нәтижесінде қонақүйлерде, мейрамханаларда және т. б. жаңа жұмыс орындарын құру.


Оның айтуынша, әлемнің ең ірі қалаларының – Доха, Инчхон, Мәскеу, Абу-Даби, Дубаи және Гонконгтың әуежайларында имидждік бейнероликтерді көрсету үшін 143 млн теңге бөлінді. Киев және Санкт-Петербург әуежайлары пойыздарды брендтеді. Сондай-ақ, Мәскеу, Ташкент және Баку метрополитендерінде 114 млн теңгеге тақырыптық жарнама орналастырылды.



- Жарнама орналастырылған елдерде қызығушылық айтарлықтай өсті. Ол 8 миллионға жуық адамды қамтыды. КРМG1 зерттеу нәтижелері бойынша Алматыдағы әрбір турист кем дегенде 100 доллар жұмсайды, қыста бұл сома қысқы тау спортының танымал болуына байланысты әлі де ұлғаюы мүмкін. Тиісінше, бұл - қалаға және оның экономикасына тартылған инвестициялар.



Спикер осы жылы Алматы туралы имидждік бейнероликтерді жасауға және ілгерілетуге 150 млн теңгеден астам қаражат бөлінгенін растады. Оларды Eurosport 1/2, Discovery, Animal Planet Travel Channel, EMEA, Russia, Asia сияқты халықаралық телеарналарда көрсету жоспарланған болатын. Бірақ карантиндік шектеулерге және Еуропа елдерімен рейстердің жабылуына байланысты бейнероликтердің жарнамасы тоқтатылды. Бұл қаржы қаражаты бюджетке қайтарылды.


Биыл Алматы мен облыстың туристік әлеуетін көрсету үшін шетелден 33 блогер шақырылды, өйткені әлеуметтік желілер бүгінде ең тиімді жарнама алаңдарының бірі болып табылады.


Сондай-ақ, Ілияс Өсеров мемлекеттік тапсырыстың мәнін БАҚ арқылы түсіндірді. 2021 жылға мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді.



– Бұл жергілікті билік органдарының қызметі туралы ақпараттандыруға, барлық салалар мен сферлар бойынша өңірді дамытуға бағытталған жергілікті және орталық органдар қабылдаған шаралар туралы хабарлауға келіп саяды, - деп түсіндірді ол. – Бұл үшін біз тек қалалық емес, тәуелсіз БАҚ-тың да әлеуетін пайдаланамыз. Нәтижесінде халық қажетті ақпаратты алады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:37

09:33

09:29

09:20

09:00

08:45

08:34

08:19

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57