Төтеншеліктер тауға шықпауды ескертті

Төтеншеліктер тауға шықпауды ескертті Сурет: almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қар көшкініне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Алматы тауларында қар көшкіні қаупінің сақталуына байланысты, блокпосттар қойылды.


Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі туралы дабылды ескерту жасады. Жылымықтың әсерінен қатты жауын-шашын түсуіне, сондай-ақ қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін екенін атап өтті, - делінген хабарламада.


Сондай-ақ «Қазселденқорғау» мамандары наурыз айында қар көшкінінің ең қауіпті түрі – «сулы қар» көшкіні түсетінін атап өткен.


Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында Шымбұлақ ТШК , «Аюсай» бөгетінен жоғары «Визит» орталығы аумағында, «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылған. Осыған байланысты, жоғарыда аталған мерзімдерде тауға бармауларыңызды сұраймыз, - деп мәлімдеді департамент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09