Төрт мектепке Алаш қайраткерлерінің есімдері беріледі

Төрт мектепке Алаш қайраткерлерінің есімдері беріледі mail.kz

Бұл туралы ҚР Үкіметінің қаулысы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды


Петропавлда 4 мектеп енді Смағұл Сәдуақасовтың, Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының және Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімдерімен аталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.


Өңірдегі мектептерге алаш қайраткерлерінің есімдерін беру туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының ұсынысы Үкіметте қаралып, қолдау тапты. Тиісті құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланып, көптің талқысына ұсынылды.


Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғаспақ. Құжатқа сәйкес, Петропавл мектептеріне Алаш қайраткерлерінің есімдерін беру туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 7 шақырылымының кезектен тыс өткен сессиясында шешім қабылданған еді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:19

20:17

19:49

19:02

18:36

18:06

17:47

17:37

17:06

16:21

16:15

15:48

15:34

15:31

15:20

15:20

15:16

14:31

14:25

14:25

13:58

13:51

13:15

12:55

12:46