Төл теңгеге - 30 жыл

Төл теңгеге - 30 жыл Сурет: Stan.kz

Бүгін – ұлттық валюта күні.


Төл теңгемізге 30 жыл толды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңге айналымға енгізілген еді.


Тарихына тоқталсақ. Ұлттық валютамызды дайындау жұмыстары 1992 жылы басталған, сол жылы 27 тамыз күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ал ертеңіне қазақ валютасын өмірге әкелген суретшілер – Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1993 жылы алғашқы теңге банкноттары Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылды. Теңгені елге тасымалдау үшін төрт ИЛ-76 ұшағы Тұманды Альбион еліне 18 мәрте қатынады.


Көркемдігі жағынан қазақ ақшасы халықаралық байқауларда 5 мәрте үздік атанып, 20-дан астам марапатқа ие болды. 1993 жылы қарашада ұлттық валютаның айналымға енгізілуі Қазақстанға өз қаржы нарығын құруға, дербес ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05