«Тобыл» футбол командасы Қазақстан чемпионы атанды

«Тобыл» футбол командасы Қазақстан чемпионы атанды Cурет: Vesti.kz

Биылғы доп додасында бас жүлде Қостанайдың «Тобыл» командасына бұйырды


Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Биылғы доп додасында бас жүлде Қостанайдың «Тобыл» командасына бұйырды.


Қостанайлық клуб соңғы турда Оралда «Ақжайықты» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Чемпиондықтан тағы бір үміткер - елорданың «Астанасы» өз алаңында Түркістанның «Тұранымен» 1:1 есебіне қанағат білдірді. 


Ал үздік үштікті түйіндеген Алматының «Қайраты» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуымен» 0:0 есебімен тең түсті. 
Төртінші орын үшін таласта Петропавлдың «Қызылжары» Шымкенттің «Ордабасы» клубын 3:2 есебімен сүріндірді. Нәтижесінде төртінші орын петропавлдық командаға бұйырды. 


Сондай-ақ бүгін сырт алаңда Қызылорданың «Қайсары» «Таразды» 2:1, Ақтаудың «Каспиі» «Ақтөбені» 5:1 есебімен тізе бүктірді. 
Ал Қаарғандыда «Шахтер» «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді. Енді Қазақстан кубогы жартылай финал ойындары өтеді. 


Жарыстың аталған сатысында «Астана» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Шахтер» кездеседі. 
Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді. 


Финал 28 қарашаға белгіленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37