TikTok-қа шектеу енгізіле ме?

TikTok-қа шектеу енгізіле ме? Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық деректері көбейіп кетті.



Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Сөзінше, бүгінде көрші елдердің тәжірибесі зерделеніп жатыр. 



"Қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық деректері көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге әсер етсе, әлбетте, осындай іс-шараларды қабылдауға тура келеді. Бұл әлі шешілген жоқ. Әлі қарастырылып жатыр, жалпы талқылауға ұсынылатын сұрақ", - деді ол Мәжіліс кулуарында.



Тілшілер спикерден қандай әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдар көп екенін сұрады. 



"Бұл Тик-ток. Онда көбінесе балалар отырады. Бейәдеп сөздер айтылады, тіпті адамдар бал ашып отырады. Кез келген мемлекеттік орган бір жайтқа қарап шешім шығармайды. Мәселені жан-жақты зерделеп, сараптап қана шешім қабылдайды", - деп толықтырды Аида Балаева.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40