Теңіз астындағы 100 күн

Теңіз  астындағы  100 күн

Флоридалық биомедициналық инженер Джозеф Дитури 100 күнін теңіздің астында өткізді.
Сөйтіп, су астында өмір сүруден жаңа рекорд орнатып, бүгін жер бетіне шықты. Зерттеуші теңіз түбіндегі арнайы тұраққа наурызда түсіп, үш жарым айға жуық өмір сүрген,  деп  хабарлайды Almaty -akshamy. kz
24.kz ақпараты  бойынша,  зерттеуші осы аралықта медициналық және су асты  зерттеулерін жүргізіп,  Оңтүстік Флорида университетінің студенттеріне дәріс те оқыған. Десе де негізгі зерттеу тақырыбы ұзақ мерзімді экстремалды қысым мен оқшауланған ортаның адам ағзасына әсерін бақылаған. Себебі, бұл тәжірибе болашақта түпсіз тұңғиыққа жасалатын зерттеулер үшін пайдалы болмақ дейді мамандар.
Айта кетейік, бұған дейін су астындағы қосында ең ұзақ өмір сүру рекорды 2014 жылы болған. Ол кездегі рекорд 73 күн еді. Ал Джозеф Дитури теңіз астында тура 100 күн өмір сүрді. 
«Мақсатым ешқашан рекорд орнату болған емес. Бұл құмға сызық сызған секілді қиын болса да су асты әлемінде адамның төзімділігін кеңейту, оқшауланған, шектеулі, экстремалды ортаға қалай бейімделетінін көру керек болды»,  - дейді  биомедициналық  инженер  Джозеф Дитури.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:19

20:17

19:49

19:02

18:36

18:06

17:47

17:37

17:06

16:21

16:15

15:48

15:34

15:31

15:20

15:20

15:16

14:31

14:25

14:25

13:58

13:51

13:15

12:55

12:46