Теміржолдар бойындағы оқыс оқиғаларды азайту амалдары қарастырылуда

Теміржолдар бойындағы оқыс оқиғаларды азайту амалдары қарастырылуда Сурет: Elorda.info

Ол үшін теміржолдар бойында 100 км астам қоршау орнатылады.


Көліктегі полиция мен тасымалдаушы компания желілік бөлімшелерінің басшылары теміржолдар бойындағы оқыс оқиғаларды азайту амалдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kzElorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Кеңесте аталып өткендей, теміржолдар бойындағы оқыс оқиғалар Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелерінің аймақтарында көп тіркелген. Негізгі себеп – адамдардың абайсыздығы және қауіптілігі жоғары аймақта ережелердің сақталмауы.


ҚТЖ-дағы магистраль объектілерінде тұрақты негізде ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары жүргізіліп келеді. Адамдардың жолға рұқсатсыз шығуына тосқауыл қою үшін станцияларда шамамен 300 км қоршау орнатылған. Білім беру мекемелерінде түсіндіру-профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Тәртіп сақшыларымен бірлескен рейдтер жүргізіледі.


2024 жылдың соңына дейін Астана - Ақтөбе, Астана - Атырау, Астана - Защита, Алматы - Маңғышлақ, Алматы - Жезқазған, Астана - Орал учаскелеріндегі теміржолдар бойында 100 шақырымнан астам қоршау орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жаңаарқа (Қарағанды облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы), Достық (Алматы облысы) станцияларында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11