Теміржол нысандары күн сайын қадағалануда

Теміржол нысандары күн сайын қадағалануда Cурет: Rail-news.kz

Елдегі су тасқынына байланысты қазіргі таңда теміржолшылар қауіпсіздік шараларын күшейткен.  


Ең алдымен магистральдық желі мен  жасанды құрылыстардың жағдайы ерекше бақылауға алынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Астана жол дистанциясы қарамағындағы барлық теміржол нысандарын қадағалауда ұстап отыр. Дистанцияның көпір шебері Меңдіғали Дәулетшиннің айтуынша, қазіргі таңда жол бойындағы көпірлер мен су өткізетін құбырлар, кюветтер мен таулы жыралар, жолаушылар көпірлері, т.б теміржол бойындағы суағарлар тазаланып, жасанды имараттардың жағдайы жіті тексерілуде.  Олардың бәрі, шөп-шалам мен  қоқыстан тазаланды. Тасқынға қарсы іс-шаралар аясында қазіргі таңда дистанцияда 6 вагон – 1 жүк тиелген жабық вагон, темірбетон шпал тиелген 2 платформа, рельс тиелген 1 платформа, қой тастар тиелген 2 вагон дайын тұр.  



«Тұрақты кезекшілік ұйымдастырып, теміржол бойындағы су жиналып қалуы қаупі бар орындар, жалпы барлық жол бойы тексерілуде. Көпір шеберлері, жол шеберлері, дистанция бастығының орынбасарлары өз теліміне қарай тұрақты түрде локомотивпен жолдың бойын аралап , су жинала бастаған жерлерді көрсе бірден оның қай шақырымда қай телімде орналасқанын айтып арнайы чатта хабар береді.  Сосын ол жердегі суды жоюға жолшылар барып, тиісті жұмыстарды атқарады. Егер жиналған су қауіпсіздікке нұқсан келтірмей ағып кетіп жатса, оны да айтады. Біздің дистанция бойынша қауіп  жоқ, күн сайын кезекшілікке шығып, жағдайды қадағалап отырмыз», – дейді көпір шебері.  


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49