Тау шаңғысы курорттарына сұраныс жыл сайын 30%-ға өсуде

Тау шаңғысы курорттарына сұраныс  жыл сайын 30%-ға өсуде msk.wadoo.ru

Азаматтар арасында тау шаңғысы курорттарына сұраныстың айтарлықтай өскені байқалады. Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осылай мәлімдеді.



«Азаматтар арасында тау шаңғысы курорттарына сұраныстың айтарлықтай өсуі байқалады. Бұл факт туризмнің осы сегментінің жоғары әлеуетін көрсетеді. Орта есеппен шаңғы тебуге келген туристер жағажай туристеріне қарағанда 5 есе көп ақша жұмсайды және олардың саны жыл сайын 30%-ға өсуде. Талдауға сәйкес, Алматы агломерациясындағы тау шаңғысы курорттарына сұраныс ағымдағы ұсыныстан едәуір асып түседі. Қазіргі уақытта өңірдегі барлық тау шаңғысы курорттарының жалпы өткізу қабілеті күніне 10 мың шаңғышыны құрайды, ал әлеуетті сұраныс әлдеқайда жоғары», - деп баяндады министр.



Ведомство басшысының айтуынша, бұл мәселені шешіп, барлық мүмкіндікті толық пайдалану үшін жақын арада инвестициялық жобалар әзірленеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13