Тасқыннан зардап шеккендер көмекке онлайн өтініш бере алады

Тасқыннан зардап шеккендер көмекке онлайн өтініш бере алады Сурет: интернеттен

Әзірге Ақмола облысында қосылды.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 16 сәуірде су тасқынынан зардап шеккендер смартфон арқылы көмек алуға өтініш бере алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге Egov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.



"Жаңа функционалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі",- делінген ақпаратта.



Еңбек министрлігі өтінім беру реттілігін түсіндірді:


Egov Mobile мобильді қосымшасына кіру;


Басты бетте "Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама" қызметін табу;


Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету;


Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.



"Әлеуметтік көмек" автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зардап шеккен мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі. Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркелетін болады" делінген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.



Енгізілген тетік барлық мәліметтерді цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.



"Үшінші тұлғалардың азаматтардың жеке деректерін алып қоюын болдырмау үшін тек Egov Mobile ресми қосымшасын пайдаланудың қажет екенін еске саламыз.",- деп толықтырды Еңбек министрлігі баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53