Тамызда өтетін ҰБТ-ға 25-30 тамыз аралығында өтініш қабылданады

Тамызда өтетін ҰБТ-ға  25-30 тамыз аралығында өтініш қабылданады Сурет: 24.kz

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін өткізіледі.


Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтінім қабылдау бүгін басталды. Өтініш беру 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Айта кетсек, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектепте білім алғандар қатыса алады. Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алады.



«Қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кей талапкерлер шекті балл жинай алмады. Шекті балсыз олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін, тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37