Талғат Теменовтың соғыс жайлы картинасының тизері жарияланды

Талғат Теменовтың соғыс жайлы картинасының тизері жарияланды Сурет: Inform.kz

Картинаның премьерасы осы жылдың күзіне жоспарланған.


«Қара қыз» фильмінің тизері шықты, деп хабарлайды Almatya-akshamy.kz.


"Бәйтерек продакшн ШБ" ЖШС-і танымал отандық режиссер Талғат Теменовтың ("Махаббат бекеті") жаңа жобасы - "Қара қыз" фильмінің тизерін ұсынады.


Әскери драма Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі сарбаздарымыздың ерлігі мен батылдығы және қазақ қыздарының қайсарлығы туралы баяндайды.


Басты рөлдерді жас актерлер Нұрай Сақтапова мен Ерлан Құлмұрзин сомдап шыққан. Нұрай үшін бұл кинодағы дебюттік рөл болса, ал Ерлан көптеген телехикаялардан белгілі актер.


Сондай-ақ, фильмде танымал актерлер Дулыға Ақмолда, Медгат Умиралиев және басқалар түскен. Картинаның түсірілімі өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, Петропавл қаласының маңында, сондай-ақ Алматы облысының Ақши ауылында өтті.


Фильмнің саундтрегі "Қарағым-ай" композициясы болады, оны фильм үшін арнайы Димаш Құдайберген орындайды.


Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өндіріске енгізілді. Фильмнің бюджеті 547 млн 636 мың теңгені құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:38

16:43

16:13

15:51

15:16

14:27

13:02

12:46

12:15

11:46

11:31

11:26

10:53

20:41

20:25

19:48

19:35

18:44

18:39

17:23

17:08

16:20

16:10

15:48

15:33