Талдықорған тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

Талдықорған тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді сурет: ашық дереккөзден алынды

18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің 45 бумасы табылды.


Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Күдікті Талдықорған қаласындағы шағынаудандардың бірінде арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде 18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің бір түрі «α-пирролидиновалерофеноннің» 45 бумасы табылды.



«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 21,19 грамм, бұл – аса ірі мөлшер деп есетелінеді. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.



Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14