Су тасқыны бұзған көлікке өтемақы алу үшін қайда бару керек?

Су тасқыны бұзған көлікке өтемақы алу үшін қайда бару керек? Сурет: интернеттен

Зардап шегуші төтенше жағдай болған уақыттан бастап 30 күн ішінде құжат жинап, өтініш беруге тиіс.


Өтемақы алу үшін табиғи апат болған жердегі жергілікті әкімдікке хабарласу қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Егер автокөлік иесі атқарушы билік органдарына хабарласа алмаса, туыстары немесе таныстары оның орнына құжат тапсыра алады, тек көлік иесі сенімхат беруі керек.


Әкімдік өтінішті 15 күн ішінде қарап, одан кейін 10 жұмыс күнінде шығын көлемін анықтауы қажет.


Өтемақы көлемі автокөлікті қайта қалпына келтіру шығынына сәйкес болады. Ал егер көлік жөндеуге жарамаса, нарықтағы құны төленеді.



Әкімдік үш күн ішінде өтемақы төлеу бойынша шешім шығару керек. Кейінгі 30 күн ішінде зардап шегушінің есепшотына өтемақы түседі. Егер көрсетілген мерзімде шотқа ақша түспесе, сотқа жүгінуге болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53