Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы елшісімен кездесті Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 



Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды.


Тараптар сауда-саттық, инвестициялар тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Премьер-Министр Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18%-ын құрайтын Қытай еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті.


Сондай-ақ ҚХР мемлекетіміздің экономикасына инвестиция салатын ТОП-5 елдің қатарына кіреді. Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі екі ел басшыларының 2030 жылға қарай өзара сауданы $35 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында белсенді түрде жұмыс жүргізуге дайын екенін атап өтті. 




«Біздің елдеріміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласында айтарлықтай әлеуеті бар. Қазақстандық кәсіпорындар Қытайға азық-түлік тауарларының экспортын одан әрі арттырғасы келеді. Осыған байланысты сауда-саттыққа қатысты кедергілер мен шектеулерді әрі қарай алып тастау маңызды болып отыр», - деді Премьер-Министр. 



Өз кезегінде Чжан Сяо қытайлық тараптың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға, теміржол тасымалы көлемін ұлғайтуға, IT-сектордағы өңіраралық өзара іс-қимыл мен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық компанияларға Қытайдың ірі сауда платформаларына және жалпы ҚХР нарығына шығуға белсенді көмек көрсетілуде. 



«Біз экономикалық қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін зор әлеует бар деп санаймыз. Алдымызға жаңа, биік мақсаттар қоюымыз керек», - деді Чжан Сяо. 




Кездесу барысында тараптар «Қорғас» ШЫХО-ның жұмысын қалпына келтіру, «Бақты-Покиту» автомобиль өткізу бекеті ауданында үшінші темір жол өткелін ашу, Транскаспий халықаралық ірі автомобиль жолдарын салу және машина жасау саласында жаңа өндірістерді құру мәселелерін қозғады. 


Сонымен қатар таяу болашақта Астана мен Бейжің арасында аптасына үш рейс жиілігімен әуе қатынасын қалпына келтіру және азаматтардың өзара сапарлары кезіндегі рәсімдерді оңайлату жоспарланып отырғаны атап өтілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52