Шығындарды өтеуге өтінішті Egov арқылы беруге болады

Шығындарды өтеуге өтінішті Egov арқылы беруге болады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Су тасқынынан зардап шеккен 2300 отбасына 555 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек көрсетілгені туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Мадияр Уакпаев мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге кешенді қолдау іс-шараларын атқарып жатыр. Атап айтқанда, төтенше жағдай режимі жарияланған қалалар мен аудандарда тұратын 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік органдарға жүгінуді болдырмастан автоматты түрде Бекітілді. Сондай-ақ, балаларды қоса алғанда, 4 мыңға жуық адамға мүгедектікті қайта куәландыру мерзімдері автоматты түрде ұзартылды. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топ бойынша жүзеге асырылады», - деді М. Уакпаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 




Оның айтуынша, сәуір айындағы зейнетақы мен жәрдемақылар нақты адамдардың екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына және «Қазпоштаға» кідіріссіз және толық көлемде аударылды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар өз қаражаты есебінен су тасқынынан зардап шеккен 2300 отбасына 555 млн теңгеден астам сомағаәлеуметтік көмек жасады.




«Су басқан аймақтардан 96 мүгедектігі бар адам эвакуацияланды. Жергілікті жерлерде оларға барлық қажет көмек көрсетілді. Республика бойынша қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық 118 орталық штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарды сауықтыру үшін республиканың 7 шипадайында 164 орын бөлді. Электронды үкіметтің мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге өтініш беру функционалы іске асырылды. Қосымшаны апробациялау Ақмола облысында басталады», - деді ресми өкіл.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:27

09:57

09:48

09:45

09:35

09:31

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11