Шет тілін меңгергенін растайтын сертификаты бар оқушылар ҰБТ-да оны тапсырудан босатылады

Шет тілін меңгергенін растайтын сертификаты бар оқушылар ҰБТ-да оны тапсырудан босатылады Сурет: Vsvoemdome.ru

Түлектердің халықаралық сертификаттарында көрсетілген тіл меңгеру деңгейі балға ауыстырылады.


Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



«Шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm, Internet-based Test, TOEFL Paper-based test, TOEFL pbt, International English Language Tests System, IELTS халықаралық сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-да «Шет тілі» (ағылшын) бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес босатылады. Олар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады», - делінген құжатта.



Түлектердің аталған халықаралық сертификаттарында көрсетілген тіл меңгеру деңгейі балға ауыстырылады. Мәселен, IELTS дәрежесі 6.0 және одан жоғары болса, онда ҰБТ-дағы ағылшын бейіндік пәні бойынша балы 45-ке теңеседі. Егер оқушының TOEFL ibt сертификатынада көрсетілген балы 79 болса, бұл жағдайда ол ҰБТ-да 45 балға айналады.


Бұйрық 20 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11