Шет ел басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

Шет ел басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр Сурет: Akorda.kz

Олар Мемлекет басшысына жеделхат жолдаған.


Қазақстан Президентінің атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттер және халықаралық ұйым басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өз құттықтауында көктемнің жаршысы – Наурыз Орталық Азиядан Балқанға дейінгі алып кеңістікте тойланатын ортақ дәстүр мен молшылық мейрамы екенін атап өткен.



"Осы ортақ дәстүрімізді сақтау және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде тойланатын Наурыз мерекесі – достығымыз бен бауырластығымыздың жарқын көрінісі", – деп жазылған Түркия Президентінің жеделхатында.



Татарстан Райсы Рустам Минниханов та бауырлас татар халқының атынан жүрекжарды тілегін жолдаған.



"Ежелден келе жатқан әрі ешқашан ескірмейтін, сондай-ақ өзіне тән жаңару рухын, жасампаздық қуаты мен қуанышын ала келетін Наурыз мерекесі қазақ-татар халықтарының дамуына, өзара ынтымақтастығының кеңеюіне жол ашсын деп тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.



Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин өз құттықтауында Наурыз мерекесінде дәріптелетін татулық, табиғатпен етене жақындық және адамдар арасындағы сыйластық күллі адамзат баласының құндылығы екенін айтқан.



"Наурыз ШЫҰ-ға мүше елдер мен халықтардың мәдени әралуандығын сақтауда және олардың тату көршілік қарым-қатынасын, достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді атсалысуымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Наурыз халықаралық күні туралы қарар қабылдағанын айрықша атап өткім келеді. Бұл осы мейрамның жаһандық деңгейдегі маңыздылығын білдіреді", – деп жазған ұйымның бас хатшысы.



Сонымен қатар Мемлекет басшысын Наурыз мерекесімен Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазаде құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05