Шағын бизнесті дамытуға «Almaty» МҚҰ-дан 1,3 млрд теңге несие берді

Шағын бизнесті дамытуға «Almaty» МҚҰ-дан 1,3 млрд теңге несие берді Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

2024 жылдың 1 тоқсанында кәсіпкерлер «Almaty» МҚҰ-дан 1,3 млрд теңгеге несие алды


Almaty Finance еншілес ұйымы (Алматы ӘКК компаниялар тобына кіреді) «Almaty» МҚҰ микро және шағын бизнесті дамытуға 1,3 млрд теңгеден астам қаражат берді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Үш айдың ішінде МҚҰ 36 жергілікті жобаны қаржыландырды. Несиелеудің мақсаты – жабдықтар, шикізат сатып алу, айналым қаражатын толықтыру, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабу.

Кәсіпкерлер ең көбі өндіріс және қайта өңдеу саласынан – барлық көлемнің 22%, екінші орында – денсаулық сақтау (19%), үшінші орында білім беруге (19%) қарыз алды. Бұдан кейін әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (12%), креативті экономика (10%) және туризм (6%). Сондай-ақ спорт, сауда және халыққа қызмет көрсету салаларындағы жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

Санатқа байланысты бизнесті дамытуға қарыз алушылар 2%* және 6%* мөлшерлеме бойынша кепіл несиесін немесе 12%* бойынша кепілсіз несие ала алады. Қарыздың ең жоғары сомасы – 73 840 000 теңге.




«2019 жылы құрылған сәттен бастап МҚҰ Алматыда 520-дан астам микро және шағын кәсіпкерлік жобаларын жүзеге асыруға көмектесті. Осы уақыт ішінде қаржыландырудың жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлер бизнесті тиімді шарттармен дамытып қана қоймай, қалада жаңа жұмыс орындарын ашуда», – деп атап өтті «Almaty» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.



Естеріңізге сала кетейік, МҚҰ несиелеу бағдарламасы «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

«Almaty» МҚҰ туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 нөмірі бойынша немесе https://mfoalmaty.kz / сайтынан біліңіз.

  *Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және 13%-дан аспайды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09