Сенаторлар Президент тапсырмаларының іске асыру барысын талқылады

Сенаторлар Президент тапсырмаларының іске асыру барысын талқылады Gov.kz

Алматы қаласында Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері, мәслихаттың бейінді комиссиясы және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдерінің қатысуымен ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті депутаттарының көшпелі отырысы өтті.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында салық салу мәселелері бойынша берген тапсырмаларының іске асырылу барысын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. 


Отырысты ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы С.А. Макежанов ашты. 


Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Е. Сағнаев салық саясаты бөлігінде жаңа Салық кодексінің жобасындағы новеллалар туралы сөз сөйледі. 


Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың негізгі тәсілдері туралы Қаржы вице-министрі Е.Біржанов егжей-тегжейлі түсіндірді. Отырысқа қатысушылардың талқылануына салықтық әкімшілендіру мәселелері шығарылды.


Сонымен қатар, Ержан Біржанов салықтық әкімшілендіру кезінде сервистік модельге көшу, салықтық бақылауды толық цифрландыру, салықтық есептілік нысандарын қысқарту және ҚҚС қайтару рәсімін оңайлату бизнес-ортаға оң әсерін тигізетінін және кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындау үшін ыңғайлы нұсқаларды қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Мұндай өзгерістер жаңа IT-шешімдерді қолдану, мобильді қосымшаларды пайдалану, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде енгізілетін болады. Сондай-ақ, отырыста «Атамекен» ҰКП, Қауымдастықтар және өндірістік сектор кәсіпкерлерінің өкілдері өз ұсыныстарын білдірді.


Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар осындай іс-шаралардың маңыздылығы мен пайдалылығын атап өтіп, салық заңнамасын жетілдіру бойынша одан әрі нормашығармашылық жұмыстарға дайын екендіктерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31