«SCAT» әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды

«SCAT» әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды mobillegends.net

Бұл жайында Азаматтық авиация комитетінен мәлімдеді



«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитті осы жылдың 27 мамырында Қостанай-Анталья бағытындағы VSV-5280 рейсінен жолаушыларды түсіргені үшін үшін «SCAT» әуе компаниясына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабымен әкімшілік ісс қозғады. Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету барысында әдеп нормаларын сақтау Қазақстан әуе компанияларының басымдығы болуы тиістігін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзуға жол беруге болмайды әрі орынсыз», - деп атап өтеді комитеттен.



«SCAT» әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларға келтірілген шығын өтелген және олар таяу уақытта туристік жолдамаға сәйкес Антальяға ұшуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар әуе компаниясының әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы іс-шара қолданылатын болады.


«Дегенмен, «SCAT» әуе компаниясы құқық бұзушылыққа жол бергені үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48