Сарбаздар да өз таңдауын жасады

Сарбаздар да өз таңдауын жасады

ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 9 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.  Оның үшеуі – Алматы қаласында. 


Бұл учаскелерде дауыс беру басқаларға қарағанда бір сағатқа ерте,  яғни сағат таңғы 06.00-ден басталды.  Күндізгі  сағат 10 болмай, 4 мыңға жуық мерзімдік қызметтегі сарбаз дауыс беріп болды.  Оның ішінде 600-ге жуығы Алматы қаласында.  Ұлттық ұлан сарбаздары дауыс беруді бәрінен бұрын аяқтады.  Дауыс беру олардың қызметіне еш кедергі келтірген жоқ. Жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  Қарауылдағы сақшылардың да ауысатын мерзімі есепке алынған.  Бәрі тәртіпке сай жүргізілді.


Бір айта кетерлігі, дауыс беруші сарбаздардың жасы 18-20 жас аралығында екенін ескерсек, олардың басым бөлігі өмірінде алғаш рет дауыс беріп тұр.  Бұл жағдай да ескерусіз қалған жоқ,  алғаш дауыс берген сарбаздарға кішігірім естелік сыйлықтар берілді. 


Сарбаздар көтеріңкі көңіл күймен келді. Олар өздерінің болашағы үшін дауыс бергендерін жақсы түсінеді және осы референдумнан оң нәтижелер болатынына   сенімді.  


Алматыда ұландықтардың дауыс беруін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев түйіндеп,  нүктесін қойды. Ол уақытқа дейін барлық әскери бөлімдердің әскери қызметшілері референдумға қатысып,  дауыс бергендіктері туралы баяндап үлгерген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31