Сандуғаш Дүйсенованы тінтуде полиция қателігі болса, кешірім сұрауға дайынбыз – ІІМ

Сандуғаш Дүйсенованы тінтуде полиция қателігі болса, кешірім сұрауға дайынбыз – ІІМ Сурет: ашық дереккөз

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полиция қызметкерлерінің журналист Сандуғаш Дүйсенованы шешіндіріп тінтуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Біздің қызметкерлердің іс-әрекеттерінің заңдылығын прокурорлар, одан кейін сот тексереді. Сол жерде кемшілік анықталып, қызметкерлеріміз міндеттерін дұрыс атқармаса, сот үкімі шыққаннан кейін кешірім сұрауға дайынбыз», - деді Марат Қожаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Еске сала кетейік, 11 тамызда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді.


Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандарға жаза қарастырылған.


Кейін босап шыққан журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізіп, әлеуметтік желі арқылы хат жазған еді.


Осыған орай Жетісу облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасап, неліктен видеоға түсіргенін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11