Самарқанды су басты

Самарқанды су басты Сурет: видеодан алынды

Тасқын қаупі көршілес елді де айналып өтпеді. Өткен демалыс күндері толассыз жаңбыр салдарынан Өзбекстанның Самарқан және Қашқадария облыстарында сел жүрді. Әсіресе, туристер көп баратын шахар Самарқанда орталық көшелер су астында қалды. Салдарынан көлік қатынасы қиындаған. Жаңбыр суы жеке үйлердің ауласы мен бірнеше көпқабатты үйдің жертөлесіне де кірген. Тағы бірнеше аймақта су тасқыны болу қаупі сақталып отыр. Бұл туралы «Узгидромет» мекемесінің басшысы шұғыл хабарлама жасады. Сел жүруі мүмкін аумақтар қатарында Науайы, Жызақ, Сұрхандария, Наманган, Ферғана мен Әндіжан облыстары бар.


Ғайрат Жураев, Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы: 


Таулы аймақтарда тасқынның алдын алу мақсатында 120 бақылау бекеті құрылып, тәулік бойы қызмет көрсетуге кірісті. Елдегі 48 су қоймасы мен 11 ірі гидротехникалық нысандардың төтенше жағдайларға дайындығы пысықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:27

09:57

09:48

09:45

09:35

09:31

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11