Сайлаушылар саны 10 есеге артты

Сайлаушылар саны 10 есеге артты almaty-akshamy.kz

Референдумда Алматы тұрғындарының дауыс беру барысы туралы «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ үкіметтік емес ұйымы штабының басшысы Құдышева Ботагөз Қинаятқызы, сондай-ақ штаб мүшелері – Алпысова Сәуле Мұратқызы, Тәжібаев Жасұлан Бәкірұлы айтып берді.


- «Азаматтық басқарма орталығы» ҚБ мен «Қоғамдық жоба» ҚБ референдум дайындығына өз үлесін қосты. Екі ұйым біріге отырып 1500-дай тәуелсіз бақылаушы дайындап шығарды. Біздің дайындықтан өткен бақылаушылар референдумның сапалы әрі ашық өтуіне барынша көмек жасайды деп ойлаймын, – деді  «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ штабының басшысы Ботагөз Құдышева.



- Алматылықтар референдумға бүкіл отбасымен келіп жатыр, егде жастағы адамдар мен жастардың да аяқ алысы жаман емес. Біздің бақылаушыларымыз барынша кәсіби әрі жылдам жұмыс істеп жатыр. Барлық құқықбұзушылықтарды тіркеуге тырысуда. Бақылау нәтижелерінің оң тұстарын да, теріс жақтарын да ешкімнен жасырмай әлеуметтік желілерде жариялап жатырмыз. Қандай да бір күмәнді жағдайлар бойынша Алматы сайлау комиссиясымен байланыстамыз. Жалпы соңғы жылдары бақылаушылардың кәсіби біліктілігі өскені байқалады, – деді Сәуле Алпысова.



- Алматы сайлаушыларының бір ерекшелігі – біздің қаламыздың тұрғындары таңертең асқан белсенділік танытпайды. Алайда, түстен кейін адамдар белсенділігі күрт көбейеді. Біз осындай жағдайға куә болып отырмыз. Соңғы 1-2 сағаттың өзінде орталық аудандарда сайлаушылар саны 10 есеге артты. Сондай-ақ, қала бойынша сайлау учаскісіне алғаш келген дауыс берушіге және 100-ші келген адамға арнайы сыйлықтар берілгенін айта аламыз. Дауыс беру барысында құжаттарын ұмытып кеткен, мұндай шараға алғаш рет келген адамдардың барлығына тиісті көмек көрсетіліп жатыр – деді Жасұлан Тәжібаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09