Сайлау аяқталды

Сайлау аяқталды Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Мәслихат депутаттарын сайлау Алматыда және Қазақстанның 10 өңірінде өтті. 


Алматыда қалалық мәслихат депутатының сайлауы № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша өтті. Бәсекелестік жоғары болды. Алты үміткер халық таңдауына үміткер болды. Қалада 42 учаске жұмыс істеді. 


- Сайлау учаскесіне алғаш рет бала кезімде, ата-анаммен бірге келдім. Содан кейін дауыс беру процесі маған ерекше нәрсе болып көрінді. Сондықтан қазір кәмелетке толғаннан кейін мен де өз дауысымды беруге келдім. Үміткерлердің бағдарламасын алдын ала оқып, өзім үшін таңдау жасадым, - дейді 1-курс студенті Әлішер.


Кейбірі дауыс беруге балаларын ертіп келді. 


- Мен сайлауға ұлыммен бірге келдім. Жасы 12-де. Кәмелетке толғаннан кейін дауыс беру құқығына ие болады. Қазірден-ақ сайлауға барып, дауыс беруді армандайды. Бұл болашағына деген жауапкершілікті білдіреді деп ойлаймын. Естелік үшін мені суретке түсірді,- дейді алматылық Наталья Глушаева.


Учаскелердің барлығында халықтың барлық тобы үшін қажетті жағдай жасалды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта ұйымдастырылды. Дауыс беру тәртібі туралы ақпараты бар аудиороликтер, сондай-ақ көзі нашар көретін азаматтар үшін кандидаттардың өмірбаяндық деректері дайындалды, қажет болған жағдайда құлаққаптар, компьютер, лупа, арнайы трафареттер ұсынылды.


- Менің көру қабілетім нашар. Учаскеме келгенде мені қарсы алып, кабинаға дейін шығарып салды. Үлкейткіш әйнек берді, - деп бөлісті алматылық Любовь Михайлова.



Байқаушылардың айтуынша, сайлауда құқық бұзушылық болмады. Алматылықтар бұл процеске жауапкершілікпен қарады.


- Мүмкіндігінше сайлаудан қалмауға тырысамын. Бұл жеке пікірін білдіру арқылы жарқын болашаққа өз үлесін қосу деп білемін, - деп атап өтті композитор Әлім Заиров.


Ұлттық аза тұту күні болғанына қарамастан, көптеген қала тұрғыны сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық жауапкершілігін танытты. 



- Мен учаскеге дауыс беру аяқталуға қалғанда келдім. Дауыс беріп үлгергеніме өте қуаныштымын. Сайлауды әрқайсымыз үшін маңызды қадам деп санаймын. Өйткені біз дауыс беру арқылы саналы түрде болашаққа қадам жасаймыз, – деп атап өтті сайлаушы Галина Краснобородько.


Қорытындысы бойынша елімізде екі облыстық депутат, жеті қалалық депутат және 12 аудандық мәслихат депутаты сайланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56