Сағат 16.00 дейін 7,1 млн қазақстандық референдумда таңдауын жасады

Сағат 16.00 дейін 7,1 млн қазақстандық референдумда таңдауын жасады tengrinews.kz

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 127 366 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 



«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-де өңірлердегі азаматтардың саяси науқанға келуі мынадай: Ақмола облысы – 65,11, Ақтөбе облысы – 53,52, Алматы облысы – 66,58, Атырау облысы – 56,19, Батыс Қазақстан облысы – 57,70, Жамбыл облысы – 67,36, Қарағанды облысы – 68,69 , Қостанай облысы – 69,18, Қызылорда облысы – 72,26, Маңғыстау облысы – 53,13, Павлодар облысы – 64,58, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80, Түркістан облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 68,30, Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40, Алматы қаласы – 25,95, Шымкент қаласы – 63,34 пайыз. Жалпы, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 127 366 азаматы бюллетень алған. Бұл - тізімге енген азаматтардың 60,80 пайызы», - деді Асылбек Смағұлов.



Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскесіне келуіне қатысты келесі деректі сағат 18.00-де ұсынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:26

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00