Қызылшаның құпия қасиеттері

Қызылшаның құпия қасиеттері сурет:ria.ru

Қызылшаның адам денсаулығына пайдасы


Қызылша - дәрумендерге бай, өте пайдалы көкөніс. Құрамындағы бетаин артық салмақтан арылуға көмектеседі. Қызылшаны шикілей де, пірісіп те жеуге болады. Ал шырыны бір емес бірнеше дертке дауа, - дейді зерттеуші ғалымдар.


Тұмау, суық тию ауруларынан емдейді


Қызылша ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады. Тамақ ауырғанда қызылша шырыны ем болады. Тамақ қызарып, жөтел асқынғанда, қызылша шырынымен тамақты шаю керек. Мұрын бітеліп, гайморит мазалағанда, қызылша шырынынан 5-6 тамшы тамызады.


Қанды көбейтеді


Қан құрамында гемоглобин төмендегенде қызылшаны көбірек тұтынған жөн. Бұл көкөністен неше түрлі салат жасауға болады. Қанды көбейту үшін 1 стақан қызылша шырыны мен 1 ас қасық табиғи таза балды араластырып, күніне 3 рет ішесіз. Сондай ақ, жоғары қан қысымына шипа болады. Қызылшадағы табиғи нитраттар қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қысымды төмендетеді.


Бауыр мен асқазанның жұмысын жеңілдетеді


Егер күніне 3 рет қызылша шырынын ішсеңіз, бауыр ауруы сізді мазаламайды. Қызылшаның құрамындағы бетаин бауырдың жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар, өт жолдарына, асқазан ауруларына және сары ауруды емдейтін қасиеті бар. Қызылша іш қатудың алдын алады. 

Бұлшық еттерді нығайтады


Қызылшада бұлшық ет массасын арттыруға көмектесетін магний мөлшері көп. Спортпен айналысатындар қызылшаны көбірек тұтынғаны жөн. Қызылша шырыны ауырсынып тұрған бұлшық етті қалпына келтіреді, төзімділікті арттырады. 


Токсиндерді шығарады.


Қызылшада пектин көп. Олар адам ағзасын радиация мен ауыр металдардан қорғайды. Холестериндерді шығарады. Адам терісі тазарып, сұлулығы арта түседі. Ағза шлактардан арылып, сауыға түседі, адам жасушалары жаңарады, бұл өз кезегінде онкологиялық аурулардың алдын алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53