Қызметтік ит адам өлтірген күдіктіні ұстап берді

Қызметтік ит адам өлтірген күдіктіні ұстап берді Сурет: Otyrar.kz

Ақмола облысында қызметтік иттің көмегімен полиция кісі өлтірген күдіктіні дереу ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамыр сағат 17:45 шамасында Целиноград аудандық ПБ кезекші бөлімшесіне Талапкер ауылында ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түседі. Үй маңынан табылған 26 жастағы жігіттің кеудесінің сол жақ тұсына пышақ сұғылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында кинолог та жіберіледі.



«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Альфа» атты қызметтік иттің көмегімен 19 жастағы жергілікті тұрғын - жәбірленушінің туысы күдікті ретінде ұсталды. Ол уақытша оқшаулағышқа қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалды», - деді ведомстводан.



Айта кетсек, Көкшетау дүкеніне жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адам іздестіріліп жатыр.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10

12:06

11:59

11:45

11:14

10:55

10:33

10:25

22:19