Қытайлық құрылыс компаниялармен кездесу өтті

Қытайлық құрылыс компаниялармен кездесу өтті Сурет: Gov.kz

​Бейжіңде көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қытай құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті.


​Кездесуге Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, «Қазақинвест» ҰК АҚ өкілі және Азия даму банкінің өкілі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан 60-тан астам ірі компания өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 


​Көзделген негізгі мақсат – қос елдің құрылыс компаниялары арасындағы ынтымақтастыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылау. Негізгі тақырыптардың ішінде инженерлік-техникалық персоналға рұқсат беру құжаттарын ресімдеу, жобаларды қаржыландыру нысанына қатысты мәселелер, салық салу және Қазақстан Республикасының нормативтері, карьерлерді пайдалану және жол битумына қажеттіліктер, сонымен бірге жол-құрылыс материалдарының құны мәселелері болды.


​​​​Осылайша аталған кездесу қос елдің компаниялары арасындағы берік ынтымақтастықты дамытуға өзіндік ықпалын тигізді. ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Қазақстан мен Қытайдың Көлік және инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал ететін әріптестік қатынастардың табысты дамуына және құрылыс жобаларын қолдауға сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46