Қытайдағы су тасқыны салдарынан көптеген адам эвакуацияланды

Қытайдағы су тасқыны салдарынан көптеген адам эвакуацияланды Сурет: видеодан алынды

Билік 60 мыңға жуық адамды үйлерінен көшірді. 11 адам із-түзсіз жоғалған.



Қытайда бірнеше күннен бері толассыз жауған нөсер жауын салдарынан халқы ең көп Гуандун провинциясында қатты су тасқыны болды, деп хабарлайды ВВС.


Билік 60 мыңға жуық адамды үйлерінен көшірді. 11 адам із-түссіз жоғалып кетті, әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Шенеуніктердің айтуынша, бірнеше ірі өзен арнасынан асып кеткен. Үкімет судың «қауіпті деңгейде көтерілуін» мұқият қадағалап отыр. Гуандунның солтүстігіндегі бір өзендегі су деңгейі 22 сәуірде таңертең 100 жылда бір рет болатын ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін, бірақ түске дейін шарықтау шегіне жеткен жоқ.


Провинцияның астанасы Гуанчжоу, сондай-ақ шағын Шаогуань және Хэйюань қалалары қатты зардап шеккендердің бірі болды. Провинция бойынша демалыс күндері шамамен 1,16 миллион үй электр қуатын жоғалтты, бірақ 21 сәуір күні кешке олардың 80% электр қуаты қалпына келтірілді.


Бұған қоса, толассыз жауған жаңбыр Гуанчжоудағы Байюнь халықаралық әуежайында рейстердің тоқтатылуына және кешігуіне, сондай-ақ бірнеше қалада мектептердің жабылуына әкелді. Провинцияда ондаған үй қирады немесе қатты зақымданды. Биліктің мәліметінше, тікелей экономикалық шығын шамамен 140,6 миллион юань (шамамен 8,8 миллиард теңге) болды.


Оқи отырыңыз: Азияны климат өзгеруі қаупінен қалай құтқаруға болады?


Қытайдың метеорологиялық қызметі Гуандунь мен көршілес Фуцзянь провинциясының жағалау аймақтарында нөсер жаңбыр кем дегенде 23 сәуірге дейін жалғасады деп ескертті.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40