Қытай әйелге ұқсайтын еркектерді теледидардан көрсетуге тыйым салды

Қытай әйелге ұқсайтын еркектерді теледидардан көрсетуге тыйым салды Cурет: Massaget.kz

Телеарналар әдепсіз интернет жұлдыздарын дәріптеу және байлық пен атақ-даңқты насихаттаудан аулақ болуы қажет.


Бет әлпеті қызға ұқсайтын еркектер телеарнадан көрсетілмеуі тиіс. Қытай билігі осындай шешімге келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Associated Press агенттігінде айтылғандай, енді Қытайдағы телеарналар әдепсіз интернет жұлдыздарын дәріптеу және байлық пен атақ-даңқты насихаттаудан аулақ болуы қажет. Мұның орнына Қытайдың дәстүрлі мәдениеті мен социализмнің озық мәдениетін көрсетуге басымдық беріледі.
Айта кетейік, бірер күн бұрын ғана Қытай үкіметі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге аптасына 3 сағаттан артық онлайн ойын ойнауға болмайтынын жария етіп, тыйым салған болатын.
Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шара танымал адамдарға тым қатты еліктемеуге септігін тигізеді-мыс.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13