Қырғызстанда TikTok желісінің жұмысына тыйым салынбақ

Қырғызстанда TikTok желісінің жұмысына тыйым салынбақ Сурет: интернеттен

Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігіне қарасты байланыс саласын реттеу және қадағалау қызметі интернет-провайдерлеріне TikTok әлеуметтік желісіне кіруді шектеуді сұрап хат жолдады.  



Еске сала кетейік, кеше аталған ведомствоға елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен хат келген болатын, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Онда TikTok-тың қырғызстандық сегментінде, атап айтқанда балаларға арналған ақпарат кеңістігінде «контент цензурасына жүйелі және принципті көзқарас жоқ» делінген. 


Шенеуніктер Балалардың денсаулығына, олардың дене, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы заңға сілтеме жасап отыр. 




«Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 501 қаулысымен бекітілген Радиожиілік белгілеу ережесінің 8-тармағына сәйкес балалардың денсаулығына, олардың интеллектуалдық, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу мақсатында және «Байланыс туралы» заңның 21-1-бабының негізінде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қырғыз Республикасының аумағында TikTok ақпараттық қызметіне қолжетімділікті шектеуді және 2024 жылғы 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беруді сұрайды» делінген мәтінде. 




Айта кетсек, Қырғызстанның Мәдениет министрлігі TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы өтінішті Цифрлық даму министрлігіне өткен жылдың тамыз айының соңында жолдады.


Ведомствоның атап өтуінше, бірқатар үкіметтік емес ұйымдар тарапынан балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсер ететін TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсері туралы алаңдаушылық білдірген өтініштер көбейді.


Бұл шешім қоғамда да, сарапшылар арасында да резонанс тудырды.


Танымал әлеуметтік желіге тыйым салу шағын және орта бизнес мәселелерін ушықтырады, Қырғыз Республикасындағы сөз бостандығы мен демократияға нұқсан келтіреді, жастардың өзін-өзі таныту мүмкіндіктерін азайтады деген пікір тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37