Қырғызстан Қазақстанға тағы да көмек жіберді

Қырғызстан Қазақстанға тағы да көмек жіберді Сурет: интернеттен

Бұл жолы сүт өнімдері келген.


Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Атап айтқанда, олар – 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.



«Жүкті жинауға қырғызстандық тұрғындар көмектесті, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді», - деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.



Сәуір айының басында Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық жүк келген болатын. Жамбыл облысына 300 тонна жүк тиеген 15 жүк көлігі жетіп, көмек Қазақстанның 4 облысына бөлінген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08