Құтқарушылар алматылықтарды тауда абай болуға шақырды

Құтқарушылар алматылықтарды тауда абай болуға шақырды Сурет: News-r.ru

Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін.


Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қала тұрғындары мен қонақтарды тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«10-11 наурыз аралығында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қиын жағдайға ұрынбас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», - деп ескертеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.



Бұдан басқа, «Қазселденқорғау» ММ және Алматы қалалық ТЖД мамандары жүргізген аэровизуалды тексеру барысында 3000 метрден астам биік таулы аймақта, орташа таулы аймақта, қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты тау бөктерінде көшкін түсу қаупін анықтады.


Оған қоса, «Богданович» мұздығына апаратын туристік соқпағында көшкін түсу қаупі жоғары 12 учаске бар.


Туристер мен қонақтардың қаупсіздігін, апаттардың алдын алу мақсатында өз құзыреті бойынша үңгірдің аумағында үш тілде «Сақ болыңыз!» «Мұздық құлауы мүмкін» деген арнайы таспалар, ескерту белгілері орнатылды.


Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мен «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мынадай ескерту жариялады:


- егер тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;


- тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкін қаупін білдіреді;


- таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;


- қарлы тік жартастарға шықпаңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32