Құсбегіліктен дәстүрлі «Сонар» республикалық турнирі өтті

Құсбегіліктен дәстүрлі «Сонар» республикалық турнирі өтті Сурет: Tengrinews.kz

Алматы облысында құсбегіліктен дәстүрлі «Сонар» республикалық турнирі өтті.


Жарыс мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркия, Қытай, Моңғолия мемлекеттерінен және еліміздің әр аймағынан 15 команда қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


«Сонар» құсбегілер бәсекесі алғаш рет Алматы облысында осыдан 24 жыл бұрын басталды. Кейін ауқымы кеңейіп, еліміздің басқа облыстарында өтетін болды. Көнеден келе жатқан көшпенді халықтың саятшылық өнеріне жастардың қызығушылығы арта түскен. Құсбегілік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әулеттің кенжесі - Айдардың жасы жетіде. Бұл жарыста Айдардың қаршығасы жүлделі үшінші орыннан табылды.


Әр қыранның самғауын, қанат қағуын, аңға түсуін төрешілер қадағалап отырды. Саятшылық дәстүрді жалғаушы қариялар сын-ескертпелерін айтып, ақыл-кеңестерін береді. Ал елімізде саятшылықтың жаңғыруына елеулі үлес қосып келе жатқан Бағдат Мұптекеқызы жас құсбегілердің өсіп келе жатқанын айтады. Соның ішінде қыздардың да болғанына қуанышты.



«Біраз қыздар бой түзеді. Моңғолиядан келген әлем таныған Айшолпан Нұрғайыпқызы. Одан кейін екінші - Шығыс Қазақстан облысында Айзере деген қызымыз сегіз жаста. Бүгін енді осы құсбегілікке келешекте қолына қыран құс қондырмаған күнің өзінде, ұйымдастыру жағына қарасын деген талабы өте жоғары. Бұл бала қаршыға, ителгіге жүгірмейді. Ол бүркітпен бастаған қыз. Соған қарағанда келешекте үлкен нәтиже көрсетеді ғой деп ойлаймын», - дейді  «Қыран» Федерациясы қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы.



Үш күн бойы өткен жарысқа 70 қыран қатысып, жетеуі финалға шықты. Түлкі мен қарсаққа тазы мен бүркіттің қатар түскен сәті де болды. Жеті бүркіт арасындағы сын екі сағатқа созылды. Барлығы қашқан аңды алысқа ұзатпай, тегеурінде мықтап шегендеді. Ал бас жүлдені Астанадан келген құсбегі Күнтуған Серікбектің бүркіті жеңіп алды. Бұдан бөлек «Сонар» турнирінде қаршығалар мен ителгілердің сыны мен құмай тазылар жарысы өтті. ҚР Құсбегілік  федерациясының мәліметінше, 2024 жылғы бүкіләлемдік «Көшпенділер» ойынын Алматы облысында өткізу жоспарланып отыр.


Саятшылық өнерді тамашалауға келген көрермендерге ұлттық ойындар көрсетілді. Жамбы атуда қыздар да мергендік танытты. Атқа шебер мінетін жігіттер теңге іліп, аударыспаққа қатысты. Театрландырылған қойылымда батырлардың шайқасы сахналанды. Бас жүлдеге 1 млн теңге берілді. Жалпы, жарысқа қатысқан құсбегінің ешқайсысы сыйлықсыз қайтпады. Арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48