Құрманғазы күйлері «Дала шырқауы» жаңа анимациялық жобасында қайта жанданады

Құрманғазы күйлері «Дала шырқауы» жаңа анимациялық жобасында қайта жанданады Сурет: Egemen.kz

Сериалдың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады.


Мультсериал қазақ күйшісі Құрманғазы күйлерінің тарихын баяндайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Атап айтқанда, сериал әйгілі күйшінің өмірінде із қалдырған оқиғаларды: XIX ғасырдағы қазақ халқының өз жерін қорғау әрекеті мен оның отаршылдардан көрген азабын баяндайды.


Жобаны Tasqyn Studio дайындаған. Компания өкілдері бұл туындыны қазақ музыкасының дәстүрін анимацияда бейнелеудің алғашқы қадамы деп бағалап отыр.



«Біз халқымыздың мәдени мұрасын қалың жұртшылыққа танытып, талғампаз қазақ көрермендерімен қатар барлық ұлттар мен әр жастағы көрермендер арасында қазақ мәдени-этникалық мұрамызға деген қызығушылықты оятқымыз келеді», - деді студия қызметкерлері.  



Сериалдағы күйлерді күйші Абылай Тілепберген орындаған. Ал сценарийі нақты тарихи оқиғалар мен мифтік аңыздарға негізделген.


Жалпы, анимациялық сериалдың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады. Әр эпизод 40 минутты құрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31