Қор нарығында теңге нығая түсті

Қор нарығында теңге нығая түсті Сурет: Egemen.kz

Ақш доллары 2 теңгеге арзандады.


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2, 21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459, 74 теңге болды.


Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 01 теңге болды.


Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 468 теңге.


Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңгеден болса, сатып алу – 466.


Ресей рублі 7,36- 7,46 теңге аралығында саудаланып жатыр.


ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 14 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,67 теңге болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:14

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45