Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды

Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды Сурет: Astanatv.kz

Бүгін қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды.


Чемпионат 18-21 сәуір аралығында О.Кореяның Чунджа қ. өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2000 м қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен Жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді, ал үшінші орынға 10:01.15. уақытымен Шри-Ланканың спортшысы Приамал Джакоди тұрақтады.


Темірхан Дайырбек - 2004 жылы туылған, Түркістан облысының спортшысы. Пара академиялық ескек есумен тек 1 жыл ғана кәсіби тұрғыда айналасып келеді. Оның жеке тренері Фаррух Хамракулов.


Бұл қазақстандық спортшылардың Париж-2024 Паралимпиада ойындарына ұтып алған 12-ші лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бибарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков,пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Омирали және Нұрлан Домбаев алған болатын.


Айта кетсек 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл Парижде 28-ші тамыз бен 8-ші қыркүйек аралығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53