Қазақстандық оқушылар еуропалық математикалық олимпиадада бақ сынайды

Қазақстандық оқушылар еуропалық математикалық олимпиадада бақ сынайды Сурет: Gov.kz

Грузияның Цхалтубо қаласында Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада ЕGМО-2024 басталды.


Жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 


Қазақстан намысын төрт оқушы және екі жетекші қорғайды. Олар:


Амира Кенбаева - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11 сынып оқушысы;


Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы;


Анастасия Одинцова - Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;


Арай Касенова - Haileybury Almaty 11 сынып оқушысы.


Айта кетсек, алғаш рет ЕGМО 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өтті. Қазақстан Республикасының құрама командасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары олар 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53