Қазақстандық әскерилер «Жауынгерлік достық -2021» оқу жаттығуына қатысып жатыр

Қазақстандық әскерилер «Жауынгерлік достық -2021» оқу жаттығуына қатысып жатыр Сурет: Gov.kz

Аталмыш жаттығу Астрахань облысының «Ашулук» полигонында өтіп жатыр.


ТМД-ға мүше бес мемлекеттің екі мыңнан астам әскери қызметшісі Ресейде өтіп жатқан  «Жауынгерлік достық -2021» атты оқу-жаттығуына қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, «Жауынгерлік достастық-2021» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі 14-25 қыркүйек аралығында Қазақстанда «Сарышаған» полигонында өтеді. Оған Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінен1 300-ден астам әскери қызметші және 400-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады. 


Белсенді фаза барысында ӘШҚҚ жауынгерлік есептоптары зениттік-зымыран кешендерінен іс жүзінде оқ атады. Әскери авиация экипаждары әуедегі және жердегі нысаналарды авиация құралдарын ұрыста қолдану арқылы зақымдай отырып, күндізгі және түнгі ұшуларды пысықтайды. 



«Оқу-жаттығу әскери басқару органдарының дайындық деңгейін, жауынгерлік есептоптар мен экипаждардың үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы және әуеде шайқастарды жүргізу тәсілдерін пысықтау мақсатында өткізіледі. Қарулы қақтығыстарда авиация мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін қолдануды ұйымдастыру бойынша түрлі тактикалық эпизодтар көрсетіледі», – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы, генерал-майор Фазылолла Бәденов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09